Әбдіқалықова халықты жолда абай болуға шақырды

16 Қаңтар 2022, 12:40
1236
Бөлісу:
Әбдіқалықова халықты жолда абай болуға шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыс тұрғындарын жолда сақ болуға шақырды. Бұл туралы әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қадірлі жерлестер және облыс қонақтары! Кешелі бері Қызылорда облысының территориясында ауа райы күрт өзгеріп, күн борап, біресе жаңбыр, біресе қалың қар жауып, жер көктайғақ болуда. Соның салдарынан Арал ауданы аумағында жол-көлік апаты орын алып, бір сәтте бірнеше адамды қайғылы жағдайға душар етіп отыр - деді әкім.

"Қазавтожол" мекемесі осы күндері тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізуде. 

Дегенмен, ауа райы сәт сайын құбылып тұр. Сондықтан, көлік жүргізушілерінен жол үстінде қауіпсіздік сақтап жүруді сұраймын. "Сақтансаң - сақтармын", - деген. Аман жүріңіздер! - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Өзгелердің жаңалығы