Әбдіқадіров қай сала инвестицияны көп тартатынын айтты

29 Қараша 2021, 13:52
812
Бөлісу:
Әбдіқадіров қай сала инвестицияны көп тартатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Басқа салаларға қарағанда IT және қызмет көрсету саласындағы жобалар инвестицияны көбірек тартады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров брифингте баяндады. 

Әлемдегі дамушы елдерде индустрияландыру мен экономиканы құрылымдық трансформациялауды қолдау үшін инвестициялар тарту және экспортты ұлғайту қажеттілігі бұрынғыдан да қатты сезіледі.

Спикердің айтуынша, инвестиция тарту саласында жаңа трендтер пайда болды. 

Олардың бірі - экономикасы дамушы елдерде жұмыс күшінің маңыздылығын жоққа шығаратын автоматтандыру мен цифрландыру саласына байланысты.  Әкімшілік рәсімдер үшін, мысалы, «бір терезе» онлайн-тетіктері арқылы цифрлық қызметтердің болуы - әлеуетті инвесторлар үшін маңызды сигнал, - деп түсіндірді вице-министр. 

Сондай-ақ ол қазіргі кезде әлем бойынша қандай салалар инвестицияны көп тартатынын, инвестор үшін қандай факторлардың маңызды екенін атап өтті. 

Жаңа өнеркәсіптік революция жағдайында IT және қызмет көрсету саласындағы жобалар көбірек инвестиция тартады. Инвестор үшін ірі нарықтардың жақындығы, білікті кадрлардың болуы, инфрақұрылым мүмкіндіктері және логистиканың ыңғайлылығы сияқты факторлар бірінші орынға шығады, - деді Әлішер Әбдіқадыров.



Өзгелердің жаңалығы