«Әбден ескірген». Смайылов өткен ғасырда салынған кәріз жүйелері туралы айтты

27 Желтоқсан 2022, 10:30
1424
Бөлісу:
«Әбден ескірген». Смайылов өткен ғасырда салынған кәріз жүйелері туралы айтты

Бүгінгі таңда еліміздегі кәріздік-тазарту құрылыстарының тозу деңгейі 60 пайыздан асып кеткен. Ал кейбір қалаларда, тіпті 90 пайыздан асады. Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында кәріздік-тазарту құрылыстарын салу және оларды жаңғырту жұмыстарына көңілі толмайтынын айтып, әділ сынға алды. Жоспарлау және қаржыландыру жұмыстары кешігіп жатыр. Бүгінгі таңда еліміздегі кәріздік-тазарту құрылыстарының тозу деңгейі   60 пайыздан асып кеткен. Ал кейбір қалаларда, тіпті 90 пайыздан асады. Олардың қатарында Көкшетау, Семей, Қонаев, Арқалық   және басқа да қалаларды атауға болады, – деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Смайылов ірі қалаларда кәріздік жүйелері өткен ғасырдың 50-70-ші жылдары салынғанын атап өтті.

Әбден ескіріп біткен. Сондай-ақ, сарқынды сулардың көлемі де жыл сайын көбейіп келеді. Оларды тазарту қиындап барады. Резервуарлар шамадан тыс толып кетіп, лас суларды өзен-көлдерге ағызуға мәжбүр болған жағдайлар да бар, – деді Әлихан Смайылов,

Өзгелердің жаңалығы