Абайдың қара сөздері әлі де маңызын жойған жоқ

9 Тамыз 2022, 13:52
5349
Бөлісу:
Абайдың қара сөздері әлі де маңызын жойған жоқ

Абай –  рухани дамудағы темірқазық бен ұлттық бағдарымыз. Бұл туралы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләйлә Мұсалы брифинг барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Елімізде 2020 жылы Үкімет қаулысымен 10 тамыз - Абай күні деп белгіленді. Осы атаулы күннің құрметіне Ләйлә Мұсалы институтта атқарылып жатқан істер жайлы баяндап берді.

Оның айтуынша, 2009 жылы құрылған Абай институты өз жұмысын үздіксіз жалғастырып келеді. Негізгі бағыты – ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасын қоғамдық гуманитарлық ғылым салаларының тоғысында зерттеу. Институттың Аbai.kaznu.kz. веб-сайтында ғылыми-әдістемелік оқулықтарының мол қоры бар.

Л. Мұсалы Абайтану антологиясы атты интеллектуалдық базасы ашылғанын жеткізді. Бұл база Қазақстанның білім және ғылым жүйесі үшін, жалпы дүниежүзі қазақтарына жол ашатын игілікті үлкен базаға айналуы тиіс.

Мемлекет басшысы алдағы уақытта гуманитарлық пәндердің бөлінбес бөлшегі ретінде Абайтану курсын оқыту керек деп нақты міндет қойды. Осы бағытта ҚазҰУ жанында Абай ғылыми-зерттеу институты ойшыл ақынның мұрасы мен Абайтану бойынша еңбектерді ғылыми айналымға енгізу мақсатында нақты жұмыстар атқарып келеді. Абай ілімін білу жобасы аясында Абай токсаномиясы мәселесі көтерілуде. Абай таксономиясы атты жаңа ғылыми бағытты негіздеп жатырмыз. Осы жұмыстардың аясында тек КазҰУ-де ғана емес, барлық ЖОО-да жалпы білім беретін пәндер қатарына қосуды ұсынамыз, - деді Ләйлә Мұсалы.

Сөз арасында ол Абайдың қара сөздері бүгінгі күні де маңызын жоймағанын жеткізді. Орыс тілінде «Қара сөздердің» үш бірдей нұсқасы бар екен. Абайдың қара сөздері әлі де жіктеліп, зерттеліп, тереңірек мән-мағынасын ұғынған сайын,  бүгінгі заманның адамын рухани жағынан байыта түседі.

Сонымен қатар ол «Президенттің «Абай – рухани реформатор» мақаласында айтылған пайымдауларға ұстаздар қауымы оқыту процесі барысында үнемі назар аударатынын жеткізді.

Рухани реформатор деген қоғамның санасын алға жылжытушы деген мағынаны білдіртетінін ұмытпаймыз. Мақалада айтылғандай, Абайдың айтқан бес дұшпан мен бес асыл істі білу керек деген іргелі ойлардың маңызы бар. Абайдың таза ұлттық сипатта жазылған шығармалары арқылы мемлекеттік тілді үйретуді қолға алу керек. Абайдың бір өлеңін жаттаған бала, қазақтың сөзі мен өлеңінің құдіретін түсінуге және мемелекеттік тілді жетік меңгеруге оңтайлы жол болады деген пікірге қосыламыз. Абай – біздің рухани дамудағы темірқазығымыз бен ұлттық бағдарымыз болу керек, - деді доцент.

Өзгелердің жаңалығы