«Абайдың ақын ұлдары» атты кітап жарық көрді

10 Тамыз 2022, 11:35
2128
Бөлісу:
«Абайдың ақын ұлдары» атты кітап жарық көрді
PHOTO

Алматы облысында Абай күніне орай «Абайдың ақын ұлдары» атты еңбектің тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

10 тамыз – Абай күні. Алматы  облысында атаулы датаға орайластырылып мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Жаңалық ауылындағы «аштық және саяси қуғын сүргін құрбандарына» арналған музейде, Абайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпақтары жайында сыр шертілген кеш өтті.

Игі шараға жиналған зиялы қауым Абай – ұлт болмысын танудың алтын кілті. Қазақ дүние танымының заңғар шыңы дей келе Ұлы тұлға жайлы ұлағатты әңгімелерін тиегін ағытты.  

«Абайдың ақын ұлдары» атты кітап жарық көрді

Кеште  Абай күніне орайластырылып,  «Абайдың ақын ұлдары» атты еңбектің тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Кітапта дала данышпанының дара, талантты ұлдары Ақылбай, Мағауия және Тұрағұл,   немересі Әубәкір Ақылбайұлы жайлы зерттеулер зерделенген. Айта кетерлігі   тұңғышы Ақылбай мен Мағауия аты әйгілі бір талай көркем дастан поэмаларды жазған. Ал,Тұрағұл қара сөздің хас шебері болған. Бұдан бөлек аудармашылығы да бір төбе. Немересі Әубәкірдің өлеңдерінде Абай үлгісі сайрап жатыр. Ол сатиралық өлеңдерімен бірге  тарихи шығармаларға бет бұрып, көлемді дастандар жазған.  

Кеңестік кері саясаттың тас құрсауы кемеңгер ұрпақтарын да айналып өтпеген. 

Бүгінгі шараның бұл музейде өтуі де тегін емес. Мен білетін Абайдың немере інісі Шәкрімнен бастап, 14 ұрпағы қуғын көрген. Қысқасы кеңес өкіметі Абай ұрпақтаныа теріс қараған. Ал енді бүгінгі жастар абай армандағандай білімді білікті болу керек қой, - деп атап өтті жазушы Болат  Жүнісбеков.

Шара соңында қонақтар музейді аралап, экспонат естеліктермен танысты. Айта кетерлігі Алматы облысында сондай-ақ, «Абай әндері» атты «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблінің концерті, «Үмбетәлі жырларындағы – Абай бейнесі» атты жиыны, «Хантәңірі» халық театрының «Телғара» фильм-спектаклінің қойылымы, «Абай – жыршы, ұлы ақыны елімнің» атты поэзия кеші сынды шаралар 17 тамызға дейін жалғасын таппақ.

«Абайдың ақын ұлдары» атты кітап жарық көрді


 

Өзгелердің жаңалығы