Абайды оқытқан ұстаздың бейіті табылды

10 Тамыз 2023, 15:42
620
Бөлісу:
Абайды оқытқан  ұстаздың бейіті табылды
Фото: Абай облысы әкімдігі

Абайдың ұстазы Риза-ат-дин ибн Уәлидтің бейіті Семей қаласындағы ескі мұсылмандар зиратынан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тарихшы Мадияр Насыровтың айтуынша, «Ахмет және Риза бөлек адамдар болып шықты»  дейді.

Ежелгі мұсылман зираты Ертіс өзенінің оң жағалауында татар өлкесі мен Шығыс кентінің арасында орналасқан.

Оның аумағы 170 мың шаршы метрді құрайды.

Шамамен бір жыл бұрын біз татар зиратының аумағында зерттеу жұмыстарын бастауды ұйғардық. Зерттеу барысында Семей тек тарихи орталық қана емес, діни орталық екені белгілі болды. 30-ға жуық діни қайраткерлердің бейіті табылды. Олардың ішінде Абайдың ұстазы Риза-ат-дин ибн Уәлидте болды, – дейді Мадияр Насыров.

Тарихшының айтуынша, Ахмет пен Риза екі түрлі адамдар болып шыққан. Риза 1876 жылы қайтыс болса, Ахмет, кейбір деректер бойынша 1879 жылы қайтыс болған.

Өзгелердің жаңалығы