Абайдың қара сөздері армян тілінде жарық көрді

20 Тамыз 2020, 21:40
2418
Бөлісу:
Абайдың қара сөздері армян тілінде жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай армян тілінде «Абай-175» атты мерейтойлық жинағының тұсаукесері бейне-конференция форматында өтті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Аталған жинақ екі кітаптан тұрады: «Қара сөздер» мен Мұхтар Әуезовтің жаңартылған редакциясындағы «Абай жолы» атты романын қамтиды.

Әдеби жинақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Армениядағы Елшілігінің бастамасымен Ереван мемлекеттік университеті мен белгілі «BZEZ» баспасының қолдауымен жарық көрді.

Іс-шараны ашқан Қазақстанның Армениядағы Елшісі Тимур Оразаев өзінің сөзінде М.Әуезовтің «Абай жолы» романы алғашқы рет армян тілінде сонау 1952 жылы жарық көріп библиографиялық сирек кездесетін шығармаға айналғаны туралы атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі жаңартылған, армян тіліндегі екінші шығарылым, шығармашылық топпен жаңа тілдік редакциясында, сондай-ақ редакторлардың тарихи-филологиялық жазбаларымен қоса, қазіргі армян тілінің қағидаларына сай жасалыпты.

Арменияның Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрінің орынбасары Артур Мартиросян өзінің құттықтау сөзінде Абай қазақтың ұлы даласында бірінші және теңдессіз зайырлы ақын мен философ ретінде өзнің елін ислам әлеміне үстемдік етіп, халықтың бей-құрылысын келешектегі шындыққа дайындайтын екенін атап өтті. 

Абайдың әдеби шығармасы бір уақытта өзінің әмбебап тығымен және бірегейлігімен үлкен әсер қалдырды, - деді Артур Мартиросян.
Абай маған өзінің дүниетанымымен, философиясымен жақын. Ол өзінің ой-сырлары мен еңбектерінде шартты Батыс пен Шығысты байланыстырды - деді «Қазақстан-Армения» достық тобының мүшесі Арман Абовян.

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып қатысушылардың назарын Абайдың алғашқы армян тіліндегі «Қара сөздеріне» аударды, осылайша Армениядағы оқырмандары мен әлемдегі миллиондаған армян диаспорасына қазақтың ұлы ақыны және ойшылының философиялық прозасымен танысуға мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Батырхан Құрмансейіт армян тарапын Абайдың шығармаларын аудару барысында көрсеткен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдіре отыра, жинақтың «болашақта армяндық ғылыми және студенттік топтар үшін құнды оқу еліне қызықты әдеби шығарма болатынын» айтты.

Жинақты жарыққа шығару мақсатында терін төккен армян және қазақстандық мамандар болды. Әсіресе түркітанушы, профессор Александр Сафарян, аудармашы Арман Сафарян, ақын-аудармашы Варужан Хастурдың енбектері өте зор. Ал шығарылым үшін арнайы суреттер қазақстандық сәулетші Нұрлан Буранбаевтың қолынан шықты. 

Алдағы уақытта аталған кітаптар Арменияның жетекші кітапханалары мен университеттеріне, сондай-ақ қазақстандық ғылыми ұйымдарға, қорларға, университеттерге жеткізіледі. 

Сондай-ақ, күзде армян тілінде «Абай-175» жинағының нұсқасы электрондық тұғырнамалары - Kindle, iOS және Android үшін шығару жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы