Абайдың 175 жылдығы. Ұлттық музейде жаңа мурал пайда болады

22 Қыркүйек 2020, 14:09
1669
Бөлісу:
Абайдың 175 жылдығы. Ұлттық музейде жаңа мурал пайда болады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Ұлттық музейі алдындағы ашық алаңда «Стрит-арт» перформансы өтті.

Шараның мақсаты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай бейнелеу өнерінің заманауи құралдары – перформанс және граффити арқылы мәдениеттің, тарихтың және өнердің тұтастығын көрсету.

абай9.jpg

Осыдан бір апта бұрын музей қорындағы сәндік қолданбалы бұйымдардың көрмесін ашқан болатынбыз. Ұзақ пандемия уақытынан кейін музей жұмысы қайта жанданып жатыр. Соның бір көрінісі – бүгінгі ашық алаңда ұйымдастырылып отырған стрит-арт перформансы. Өздеріңіз білетіндей, биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Оның қалдырған мұрасын қазақ елінде насихаттауда қандай да бір құралдарды пайдалану біз үшін ең басты мақсат. Соның бірі – қалалық өнер, яғни стрит-арт. Сондықтан Абайдың мұрасын, Абайдың өзін тек қана біздің ішіміздегі көрме алаңдарында ғана емес, сонымен қатар музейден тысқары жерлерде насихаттау – ол жастарға оның өнерін, мұрасын оқып-білуге қызығушылық тудыратынына сеніміміз мол, - деді ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары Айбар Қасеналин.
абай5.jpg

Оның сөзінше, әлемде, біздің елде осындай өнер туындылары бар. Дегенмен Ұлттық музейдің қабырғасын, алаңын осы өнер үшін пайдалану алғаш рет болып отыр. 

абай7.jpg

абай-мурал1.jpg

Оның алғашқысы Абайға арналып отыр. Бұл да музей әкімшілігі үшін үлкен құрмет, мақсат болатын. Алдағы уақытта бұл өнер туындыларын, муралдарды тек қана насихат құралы ретінде емес, сондай-ақ жастардың білімге, ғылымға құштарлығын арттыруға пайдалануды көздеп отырмыз. Ішкі көрме алаңдарымен бірге, сыртты да көрсету алдағы жұмыстардың бірі, - деді Айбар Қасеналин.
абай14.jpg

Стрит-арттың тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде Мұхтар Байбосын қазіргі жастардың өте дарынды екенін атап өтті.

абай6.jpg

Суретші балаларды жақсы білемін. Олардың өнері өте белгілі. Жасап жатқан істері мазмұнды. Қазіргі пандемия кезеңінде бұл өте маңызды және қажет өнер түрі. Қазіргі жас суретшілер өте дарынды. Түрлі қызықты, әдемі, жаңалықтар ашуда. Осылайша олар өз тараптарынан қоғамға үлкен үлес қосып жатыр. Тұсаукесерді ұйымдастыруға көмектескен музей әкімшілігіне университет тарапынан алғысымызды айтамыз, - деді ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Құрмет» сыйлығының иегері, Қазақ Ұлттық университетінің Кескіндеме және мүсін кафедрасының меңгерушісі Мұхтар Байбосын.
абай11.jpg

абай мурал.jpg



Өзгелердің жаңалығы