Абайдағы алапат өрт қашан ауыздықталады? – ТЖМ жаңа басшысы болжам жасады

12 Маусым 2023, 11:59
2006
Бөлісу:
Абайдағы алапат өрт қашан ауыздықталады? – ТЖМ жаңа басшысы болжам жасады
Фото: Үкімет

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы алапат өрт қашан толығымен ауыздықталатындығына қатысты болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жаңадан тағайындалған министрдің айтуынша, жағдай бақылауда, әрі тұрақты. Бірақ ауа температурасыныуң көтерілуі мен екпінді желдің күшеюіне байланысты өрттің әрі қарай тұтану қаупі бар.

Өртті ауыздықтау үшін жеткілікті тобымыз құрылды. Жеке құрамнан 1,5 мыңдай адам: өрт сөндірушілер, орманды қорғау жөніндегі, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар 300-дей техника мен 14 тікұшақ жұмыс істеп жатыр, - деп атап өтті ведомство басшысы БАҚ өкілдеріне.

Белгілісі, қазіргі уақытта 43 мың гектардай алаңды өрт шалған.

60 мыңнан асқан еді, алайда жеке құрам жұмыс істеуде, өртті сөндіріп жатыр. Осылайша, жану аумағы да қысқарды. Болжам бойынша, жақын бірнеше күн ішінде біз өртті ауыздықтап, сөндіруіміз керек. Өңірлерден келген барлық арнайы техника дәл қазір оқиға орнында және өртті сөндіру үшін қолданылуда. Қалың түтін салдарынан екі ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Олар әзірге үйлеріне қайтарылмайды, - деді Сырым Шәріпханов.

Өзгелердің жаңалығы