«Абай жастары» баспана бағдарламасына құжат қабылдау басталды

22 Желтоқсан 2022, 11:50
1118
Бөлісу:
«Абай жастары» баспана бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Өтініштер Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімінде қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Құжат қабылдау бүгін басталып, 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін (14 жұмыс күні) жалғасады.

Бүкіл тілек білдірушілердің өтініші қабылданып біткен соң құжаттар тексеріледі, бұл процесс 15 күнтізбелік күнге дейін созылады.

Бағдарламаға сай екені нақтыланып, өткен жағдайда қатысушыға хабарланады.

Егер қатысушы белгіленген уақытта келмесе, бағдарламаға оның орнына кезекте тұрған келесі өтініш беруші қатысуға құқылы.

Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш беруші сатып алуға лайық баспана табуы керек.

Ол үшін жастарға 30 күнтізбелік күнге дейін уақыт беріледі. Содан кейін 15 күн ішінде өтініш беруші келісімшарт жасауға міндетті.

Мекеме Семейдің Шмидт көшесі, 9/1 мекенжайында орналасқан. Қабылдау уақыты - 9.00-ден 12.00-ге дейін.

 

Өзгелердің жаңалығы