Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жан Ғалиевтің Ұйымның Бас директоры Одри Азулемен кездесуі өтті.
Кездесу аясында Елші ЮНЕСКО-ның басшысына Хәкімнің 175 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 ресми тіліне аударған Абай Құнанбайұлының шығармалар жинақтарын табыстады.
О.Азуле Қ.Тоқаевтың «Абай - рухани реформатор» мақаласын қызығушылықпен оқып шыққанын айтты және ақын, ағартушы әрі гуманисттің бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған ойларының даналығы мен ауқымдылығына тәнті болды. Сондай-ақ, Бас директор Абай Құнанбайұлының адамзат мұрасына енген қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына қосқан зор үлесін атап өтті.
Аудармашылар еңбегінің арқасында Абай шетелдік оқырманға жақынырақ және түсініктірек болды және әлемнің көптеген тілдерінде «сөйледі».
Сондай-ақ, Елші ЮНЕСКО-ның штаб-пәтеріне «Сәукеле» сәндік панносын сыйға тартты, бұл дәстүрлі бас киім ежелден бері өзінің ашықтығы мен еркіндікке деген құштарлығымен сипатталатын қазақ қоғамындағы әйелдің құрметті рөлін бейнелейтінін атап өтті.
Бас директор «Сәукеле» Ұйым хатшылығының мұражайынан лайықты орын табатынына сендірді.