Абай өңірінде Әуезовтің 125 жылдығына орай «Еңлік – Кебек» ескерткіші ашылады

6 Қыркүйек 2022, 02:49
1087
Бөлісу:
Абай өңірінде Әуезовтің 125 жылдығына орай «Еңлік – Кебек» ескерткіші ашылады

Абай облысында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай «Еңлік – Кебек» ескерткіші ашылады, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес.

28 қыркүйекте заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы. Қазақ қара сөзінің хас шеберінің құрметіне Абай облысында бірқатар шара өткізіледі деп жоспарлануда. Соның бірі – Абай ауданындағы «Еңлік – Кебек» ескерткішінің ашылуы.

Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы аясында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасына сәйкес, Абай ауданының аумағында орналасқан «Еңлік – Кебек» кесенесіне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар тамыз айының аяғында басталды. Сонымен қатар қос ғашыққа арналған ескерткіш орнатылады. Жұмыстар осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқталады, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Мұхтар Әуезов трагедия жанрындағы «Еңлік – Кебек» пьесасын 1922 жылы жазған.

Өзгелердің жаңалығы