Абай облысының Жарма ауданында су деңгейі төмендеді

28 Наурыз 2024, 12:24
247
Бөлісу:
Абай облысының Жарма ауданында су деңгейі төмендеді
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысының Жарма ауданындағы жағдай туралы ТЖМ Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 

Қардың қарқынды еруі нәтижесінде даладан еріген су келіп, Үшбиік ауылында 2 шеткі көшесін су басты. 

Барлығы 12 аула аумағы суда қалып, оның ішінде 9 пәтерге су кірді, (оның 4-і тұрғын емес).

Қазіргі уақытта су деңгейінің 40 см-ге төмендеуі байқалады. Сондай-ақ 4 пәтерден еріген су шығарылды.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Оқиға орнында ТЖД, Абай облысының ПД, ЖАО күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өзгелердің жаңалығы