1 наурызда сағат 17.46-да «112» пультіне Знаменская тас жолының бойындағы Жарқын ауылынан 25 км жерде орналасқан «Арай» шаруа қожалығына қарай МТЗ тракторы қар құрсауында қалып қойғандықтан адамдарды эвакуациялау талап етілетіні туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.
Оқиға орнына Семей қаласы 7-ӨСБ қызметкерлері КУНГ автокөлігімен дереу жолға шықты.
Оқиға орнына келген құтқарушылар үш адамды эвакуациялап, Жарқын ауылына жеткізді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Абай облысының ТЖД жүргізушілерге автомобильдің жарамдылығын мұқият тексеріп, автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты қадағалауды қажеттігін ескертеді. Дауыл туралы ескертулер алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы нашарлаған кезде, елді мекендерден тыс жерлерге және алыс қашықтыққа саяхаттаудан бас тартуға кеңес береді.