Абай облысында 7 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ сілтеме жасап.
Өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және Қорғаныс министрлігінен 1000 астам адам, шамамен 237 техника жұмылдырылған. 11 тікұшақ тартылды.
Таңғы сағат 6.00-ден бастап өрт ошақтарына әуеден 164 рет жалпы көлемі 410 тонна су төгілді.
Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері 263 рет жалпы көлемі 590 тонна су төгілді.