Абай облысындағы өрт. Бүгінгі күні жағдай қандай

19 Маусым 2023, 12:15
865
Бөлісу:
Абай облысындағы өрт. Бүгінгі күні жағдай қандай
Фото: ТЖМ

18 маусымда кешкі уақыттағы жағдай бойынша ТЖМ мен ЭТРМ күштері бірлесіп әуеден барлау және қарауылдау барысында анықталған түтін шығып жатқан орындарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ және «Семей орманы» МОТР өрт орындарында тұрақты қарауылдау жүргізіліп отыр.

Жергілікті жерде ұшқышсыз ұшу аппараты көмегімен мониторинг жүргізілуде.

Өртті сөндіруге 500-ден астам адам, 167 техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылуда.

3 елді мекенде (Талица, Успенка, Бородулиха) орнатылған командалық-штабтық автомобильдер есебінен өрттің периметрі бойымен жағдайға мониторинг қамтамасыз етіледі.

Өрт басталғалы бері барлығы өрт ошақтарына 2 707 рет көлемі 7 951 астам тонна су төгілді.

Өзгелердің жаңалығы