Абай облысындағы ең қауіпсіз қала анықталды

Курчатов қаласы - Абай облысындағы ең қауіпсіз қала деп танылды, леп хабарлайды BAQ.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

3 Қаңтар 2023, 14:39
АВТОР
 3 Қаңтар 2023, 14:39
3 Қаңтар 2023, 14:39
1724

Абай облысының Курчатов қаласы ең қауіпсіз қала деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Курчатов қаласы - Абай облысындағы облыстық бағыныстағы қала. Семей ядролық полигонының орталығы ретінде таныс. Қала атауы  кеңес физигі Игорь Курчатовтың құрметіне орай  аталған.

Бүгінде қауіпсіз шағын шаһардың барлық тұрғын үй мен әлеуметтік нысандарға бейнекамера орнатылған. Бұл өз кезегінде қалада қылмыс санының азаюына ықпалын тигізген. 2022 жылдың 6 айында қылмыс 15 пайызға төмендеген.

Қазір қалада 200-ден астам бейкамера жұмыс істеп тұр, келесі жылы тағы 30-ын қою жоспарланған.

«Қаламыздағы 78 үйдің барлығына камера орнатылған. Барлығы – 215. Мектептер мен балабақшаларда камера қойылған», - дейді Курчатов қаласының әкімі Олег Чугунков.

Наверх