Абай облысындағы алапат өрттің толықтай қашан сөнетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Сенаттың кулуарында берген сұхбатында мәлімдеді.
Айтуынша, өртті сөндіруге қажет күш пен құрал бар.
Алайда (Абай облысында – ред.) өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. (Өртті- ред.) толық сөндіруге керек күш пен құралдар бар. Басшылық сонда жүр. Өрттің жалпы аумағы 60 мың гектар болды. Өрт толық өшкен жоқ. Оны тек оқшауладық. Өртті толық өшіруге 4-5 күн керек болуы мүмкін, - деді министрдің бірінші орынбасары.
Сондай-ақ ол бүгін Семей орманындағы өрт оқшауланды деп отыр.
Еске салайық, Абай облысындағы алапат орман өрті орын алды. 8 маусым күні басталған өрт бірнеше гектарға жайылып, өртке жақын маңдағы ауыл тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Өрттен 14 орманшы қаза тапты. Кейін өртті өшіруге аттанған тракторшы Сергей Архиповтің де денесі табылды.