Абай облысында жол апатынан 4 адам қаза тауып, 3 адам жарақаттанды

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 Абай облысының ПД баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 17:37
Бүгiн 2026, 17:37
544
Фото: Абай облысының ПД баспасөз қызметі

Абай облысында жол апаты болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам жарақаттанды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

2026 жылғы 19 ақпанда сағат 15:25-те «102» арнасы арқылы полицияға республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай автожолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған автожолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 14 жасар бала жүргізген мопед жеңіл көлікпен соқтығысқан болатын. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх