Абай облысында жиын-терін жұмысы жалғасуда

2 Қазан 2024, 14:12
317
Бөлісу:
Абай облысында жиын-терін жұмысы жалғасуда
Фото: ЖИ

Абай облысы Көкпекті ауданындағы егін алқабы 86,7 мың гектарды құрайды, оның ішінде дәнді дақылдар 54,2 мың гектар болса, бидай – 38,6 мың, арпа – 14,0 мың, сұлы – 1,6 мың гектар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, майлы дақылдарға 32,4 мың гектар, картоп пен көкөніске сәйкесінше 100 және 146,8 гектар.

Аудандағы жиын-терін науқаны 20 тамызда басталған болатын. Бүгінде диқандар 45 мың тонна бидай, 19,3 мың тонна арпа, 2,4 тонна сұлы жинады. Күнбағыс алқабы 32,4 гектарды құрап, оның 1,1 гектары жиналды.

Науқанға 73 техника жұмылдырылған: комбайндар, тракторлар, көліктер және т.б.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, аудандағы шаруа қожалықтары жеңілдетілген 2400 тонна дизель отынын алуға өтініш білдірген. Аудан бойынша негізгі қажеттілік 3680 тоннаға. МемАгро порталы жеңілдетілген дизель отынына белгілі бір мерзімге (15-тен 25 күнге дейін) өтінімдерді қабылдау үшін ашылды. Көкпекті ауданында минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға бес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 22,0 млн.теңге (220 тонна) бөлінді.

Өзгелердің жаңалығы