Абай облысында тағы өрт

4 Тамыз 2023, 18:17
1190
Бөлісу:
Абай облысында тағы өрт

Өртті жедел жоюға жәрдем көрсету мақсатында Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

4 тамызда сағат 15:30-да ТЖМ Абай облысындағы бөлімшелеріне Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Әуеден барлау және су төгу құрылғысын пайдалана отырып, өртті сөндіру үшін ТЖМ Қазавиақұтқару және Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары жұмылдырылды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Қазіргі уақытта ТЖМ мен орман шаруашылығының тартылған күштері мен құралдарының саны шамамен 130 адам және 25  техника.

Астана қаласы мен Қарағанды облысынан күштер мен құралдары өрт орнына қосымша жіберіледі.

Өзгелердің жаңалығы