Абай облысында оқушылар қашықтан оқуға көшті

28 Қараша 2022, 13:07
5539
Бөлісу:
Абай облысында оқушылар қашықтан оқуға көшті

Абай облысында сынап бағанасы –32 градусқа дейін төмендеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Соған байланысты аймақтағы барлық аудан мен Семей, Курчатов қалаларында 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына көшті. Облыс полицейлері де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

Кеше түнде Тарбағатай ауданынан шығып Үржар ауданы аумағындағы тасжолда тұрып қалған автобустың 40 жолаушысына дер кезінде көмек көрсетіліп, жақын маңдағы елді мекенге жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы