Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Абай облысында кәсіпкерлерге 43 млн теңгеден астам берешек төленді

10 Маусым 2025, 04:58
270
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Абай облысында прокуратура араласуымен кәсіпкерлерге 43 млн теңгеден астам берешек төленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Курчатов қаласының прокуратурасы 2024 жылдың басынан бері коммуналдық кәсіпорындардың бірі – "Курчатов Су Арнасы" МКК 92,9 млн теңге көлеміндегі жеткізілген тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін ақы төлемегенін анықтады. Соның салдарынан 44 кәсіпкердің құқықтары бұзылған.

Мәселен, аталған мекеме суды тазарту үшін жеткізілген реагенттер құны – 1,7 млн теңгені төлемеген. Қадағалау актісінің нәтижесінде бизнестің сегіз субъектісіне 43 млн теңге берешек толық өтелді.

Прокуратураның мәлімдеуінше, қалған қарыздар мекеменің қаржылық жағдайына байланысты кезең-кезеңімен өтеледі. Қазіргі уақытта кәсіпорынның міндеттемелерін орындау процесі бақылауға алынып, жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы