Абай облысында ерлі-зайыптылар мен немересі үсіп өлді

3 Желтоқсан 2022, 13:07
4039
Бөлісу:
Абай облысында ерлі-зайыптылар мен немересі үсіп өлді

Абай облысындағы Терістаңбалы ауылында қарт ерлі-зайыпты мен олардың үш жастағы немересі үсік шалып қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Abainewskz телеграм арнасы таратқан мәліметке сәйкес, жас отбасы балаларын ата-анасына қалдырып кеткен. Ал ата-әжесі баланы алып, қонаққа барады. Біраз уақыт өткен соң қарттар үйлеріне қайтуға жолға шығады. Осы уақытта далада қатты аяз басталған. 

Өкінішке қарай, бірінші әйел адам құлап қалып, одан соң артынша жұбайы үсіп, қаза болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 3 жастағы бала қатты тоңғаны соншалық, бастапқыда жанұшыра айқайлаған. Бірақ баланы құтқарып қалу мүмкін болмады, - делінген хабарламада. 

Жарма аудандық полиция бөлімшесі бұл ақпаратты растап отыр. 

Суық түскелі бері өңірде адамдардың үсуі жиілеп кеткен. Абай облысы бойынша жедел жәрдем станциясының деректеріне сәйкес, аймақта тоғыз адам, оның ішінде алты Семей қаласының тұрғыны үсіп қалған. Сондай-ақ ауа райына сәйкес киінбеген бір және бес жастағы баланы үсік шалған.

Өзгелердің жаңалығы