Абай облысында балалар үйінен 6 млн теңге жымқырылған

26 Маусым 2023, 09:54
982
Бөлісу:
Абай облысында балалар үйінен 6 млн теңге жымқырылған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Абай облысындағы балалар үйінің басшылығы 6 миллион теңгені ұрлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті.

Абай облысы Үржар ауданының прокуратурасы Науалы балалар үйінің әкімшілігі қызметкерлерінің 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. 

Балалар үйінің директоры мен бас бухгалтері өздеріне жоғары жалақы тағайындады, жоғары сыйлықақылар мен іссапар шығындарын тізімдеді. Жымқыру штат кестесі мен қазынашылық есептерді салыстыру барысында анықталды. Онда тиісті жалақы мен нақты төленген жалақы арасындағы айырмашылық пайда болды. Сонымен қатар "Өлі жандар"деп аталатын жұмыс істемейтін адамдарға жалақы төленді. Балалар үйі басшылығының заңсыз әрекеттерінің салдарынан мемлекетке залал келтірілді. Осы факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2, 3-тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғады. Істі сотқа дейінгі тергеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды. Осы баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады, - делінген Прокуратура хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы