Абай облысында анестезиолог, реаниматолог, акушер-гинекологтар тапшы

31 Шілде 2023, 11:12
638
Бөлісу:
Абай облысында анестезиолог, реаниматолог, акушер-гинекологтар тапшы
Фото: ДСМ

Жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мен сапасын жақсарту үшін тиісті ұсыныстар берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мониторингтік тобы ДСМ ДСМ аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықованың төрағалығымен Абай облысының медициналық ұйымдарында жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға бағалау жүргізді.

Мониторингтік топтың құрамына басқа өңірлердің жетекші мамандары – акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог, госпиталдық эпидемиолог және бас акушер кірді.

Мониторингтік топ Семей қаласының медициналық ұйымдарына (облыстық перинаталдық орталық, N 1 ҚП, N 2 ҚП) барды, сондай-ақ шалғай аудандарда (Мақаншы ауылдық ауруханасы, Үржар АОА, Аягөз КАОА) болды.

Жұмыс сапары барысында босану және балалардың денсаулығын сақтаудың өзекті мәселелері талқыланып, медицина қызметкерлеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді.

Мониторингтің қорытындысы бойынша Абай әкімдігі аппаратының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың қатысуымен Мағрипа Ембергенованың төрағалығымен ана өлімін азайту бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өткізілді.

Мониторингтік топтың мамандары бағалау нәтижелерін ұсынды және бар негізгі проблемаларды айтты. Мағрипа Ембергенова медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандырудың жеткіліксіз деңгейін, анестезиолог реаниматологтар мен акушер-гинекологтардың, жекелеген аудандардағы неонатологтардың тапшылығын, сондай-ақ перинаталдық көмекті өңірлендіру, медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы, жүкті әйелдер мен балаларды бағыттау қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті, - делінген ДСМ таратқан хабарламада.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасына жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру мен сапасын жақсарту үшін тиісті ұсыныстар берілді.

Өзгелердің жаңалығы