Абай облысында 12 қолайсыз отбасы ІІО-ға есепке алынды

21 Шілде 2023, 06:36
695
Бөлісу:
Абай облысында 12 қолайсыз отбасы ІІО-ға есепке алынды
Фото: baq.kz

Абай облысында 12 қолайсыз отбасы ІІО-ға есепке алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысының полицейлері 17-19 шілде аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында ювеналды полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар жасаған 250-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін орындамаған 23 заңды өкіл жауапқа тартылды. 3 кәмелетке толмаған Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. 3 жасөспірім және 12 қолайсыз отбасы анықталып, олар дереу ішкі істер органдарына есепке алынды. Рейдтік іс-шаралар барысында түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасының еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 231 фактісі анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы