Абай музейінің жылжымалы көрмесі жұмысын бастады

6 Наурыз 2020, 07:22
1409
Бөлісу:
Абай музейінің жылжымалы көрмесі жұмысын бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Заманында хакім Абай өз қолымен Семейдегі өлкетану музейіне бірқатар жәдігерді сыйға тартқан, деп хабарлайды "Хабар 24".

Олар: аса таяқ, сыбызғы, құранды ер және ойшылдың медреседе оқығанда пайдаланған кітаптары. Ақынның қолы тиген бұл дүниелерді дәл қазір Ақтөбеде жүрген Абай музейінің көшпелі көрмесінен көруге болады. Оған 50-ден астам жәдігер қойылған. Көрме шаһарда әлі бір ай бойы жұмыс істейді.

Айта кетейік, Абайдың "Жидебай- Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар және Қызылорда қалаларында болған. Ғылыми қызметкерлердің айтуынша, ұлы тұлғаның биылғы мерейтойы аясында бірқатар тың жобалар іске асады. 
Абайдың мерейтойына байланысты біздің музей тарапынан ғылыми-зерттеу жұмыстары, әсіресе, архивтермен жұмыс, оның ақындық айналасы, Абай шығармаларының төрт тілдегі кітаптарын басып шығару сияқты жобалар бар. Одан кейін Жидебайдағы Абай музейін абаттандыру жұмыстары қолға алынып жатыр, – дейді  Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми хатшысы Раушан Елекенова. 

Өзгелердің жаңалығы