Нұр-Сұлтанда бой көтеретін "Абай әлемі" орталығы қандай болмақ?

3 Қазан 2019, 12:22
2249
Бөлісу:
Нұр-Сұлтанда бой көтеретін "Абай әлемі" орталығы қандай болмақ?
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов кеше мемлекет басшысының қабылдауында болып, тапсырмалардың орындалу барысы мен елорданың дамуы туралы баяндаған еді. 

Онда ол Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай "Абай әлемі" орталығының бой көтеретіндігі туралы айтқан болатын.

2019100311203476819_2bca4489-b18a-4d5e-803d-3b4915ba6720.jpg


 

"Абай әлемі" орталығы елорданың Мәңгілік ел даңғылында орналасатын болады.

"Абай әлемі" бұл суретшілер, жазушылар, ұлттық қолөнер шеберлерінің сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының жиналатын жері болары сөзсіз. Ғимарат орталығында Абай шығармаларына арналған кітапхана болады", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмарал Олжабаева.

1570080112_ebaa1547-1f40-421d-acaf-fb5c22655dfe.jpg


 

Орталықта, сонымен қатар музей болады. Онда Абай Құнанбайұлы қолданған заттар қойылады.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мемлекет басшысының қабылдауында болып, тапсырмалардың орындалу барысы мен елорданың дамуы туралы баяндадым. «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының жұмысы, иппотерапия және екі бірдей оңалту орталығын салу жоспары туралы айттым. Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» орталығының бой көтеретіндігі, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына байланысты қоладан құйылған «Үш арыс» ескерткіші орнатылатындығы туралы ақпарат бердім. ҚР Президентінің тапсырмасы аясында орындалып жатқан қолжетімді тұрғын үй құрылысы, үлестік құрылыс бойынша мәселелерді шешу, қала маңындағы аумақтарды дамыту, газбен және сумен жабдықтауды жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айттым. Алдағы 3 жылда қаланы абаттандыру аясында жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болу үшін 80 км жол мен 100 км астам веложол салынады. Жаяу жүргіншілер жолы ескі алаңнан бастау алып, қаланың екі жағын байланыстырады. Сондай-ақ, келесі жылы 260 ауланы абаттандырамыз. Ойын жабдықтарын, балаларға арналған спорттық алаңдар, футбол, баскетбол және т. б. алаңдарды орнатамыз.

Публикация от Altay Kulginov (@altay_kulginov_official) 2 Окт 2019 в 8:17 PDT


 

 



 

Өзгелердің жаңалығы