Абай ауданында 21 тұрғын үйдің құрылысы басталды

26 Қыркүйек 2023, 20:12
1045
Бөлісу:
Абай ауданында 21 тұрғын үйдің құрылысы басталды
Фото: Абай облысы әкімдігі

2023 жылы жеке кәсіпкерлердің бастамасы аясында екі пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоспарланған тұрғын үйлердің орналасатын жер телімдері дайын. Бүгінде құрылыспен айналысатын мердігерлермен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Тұрғын үй кешенінің жалпы ауданы 2930 шаршы метрді құрайды. Яғни, 65 шаршы метрден 16 екі пәтерлі тұрғын үй, 85 шаршы метрден 5 екі пәтерлі тұрғын үй салу қарастырылған.

Айта кетсек, Абай облысында құрылыс жұмыстарының көлемі 37,2% өсіп, өсім 89,4 миллиард теңгені құрап отыр. Бүгінде 165,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспарланған көрсеткіштен 28% артық.

Өзгелердің жаңалығы