Абай атындағы театр жаңа маусымды «Еңлік-Кебек» пен «Алдар көсемен» ашады

20 Қыркүйек 2022, 10:25
1890
Бөлісу:
Абай атындағы театр жаңа маусымды «Еңлік-Кебек» пен «Алдар көсемен» ашады
Фото: автордан

Театрдың 89-шы маусымы халықаралық «OPERALIA» классика өнері фестивалінің ашылуымен басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Театр шымылдығы «Абай» операсымен түрілді. Айдар мен Ажардың партиясын орындауға Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы мен «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш шақырылды. Ал Абайды ҚазҰОБТ жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Күзембаев орындады.

Қасиетті ұлы өнерді ұлықтап жүрген Абай атындағы ұлттық опера және балет театрының сахнасы ұлылардың табанының табы қалған керемет театр. Маусымды «Абай» операсымен ашамыз. Жезтаңдай әншіміз Майра Мұхамедқызын арнайы алдырдық. «Аққу көлі» балетінде Мариинский театрының солисі Никита Корнеев және өзіміздің жаңа шығып келе жатқан балет жұлдызымыз Малика Елшібаева өнер көрсетеді. Бас дирежеріміз - Ерболат Ахмедияров, - деді ҚазҰОБТ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрбақыт Бөкебаев.

Нұрбақыт Бөкебаев жаңа маусымда көрермендерді қандай премьералар күтіп тұрғанын айта кетті.

Өнер қашан да елшіліктің, достықтың, ауызбіршілік пен ынтымақтың алтын қазығы болған. Қай жаққа барғанда да әр мемлекет өз туындысымен бару керек. Сондықтан келер жылы шетелге шығатын гастрольдеріміздің бәріне «Абай» мен «Қыз Жібек» секілді ұлттық дүниелерімізді апару көзделіп отыр. Ұлттық туындыларымыз көптен бері жаңаланбады. Сол олқылықтың орнын толтыру үшін келер жылы «Еңлік-Кебекті» қайтадан жаңартып қоямыз. Репертуарымызда балаларға арналған қойылым жоқ. Сол себепті «Алдар көсенің» сценариін жазып, музыкасын дайындап жатырмыз. Көркемдік кеңес қабылдаған жағдайда оны да келер жылы қою көзделіп отыр, - деді ҚазҰОБТ директоры.

Одан бөлек көрермендер жылы қабылдаған «Анна Каренина» 2 және 9 қазанда жаңа нұсқада қойылады.   

Еңбегі сіңген тұлғаларды ешкім ұмытпау керек. Әлем сахналарында басын иіп, көрермен ықыласына бөленген аңыз тұлғаларымыз өмірден өтіп кетті. Артында қалған ұрпағы ретінде елге еңбегі сіңген, ұлттың болашағын ойлаған, бар өнерін ортаға салған азаматтарды ұмытуға хақымыз жоқ. Жастар солардан үлгі алуы керек. Бірінші қазанда театр ардагерлерін еске алу кеші өтеді. 15 қарашада Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығын атап өтеміз, - деді ҚазҰОБТ директоры Нұрбақыт Бөкебаев.

Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызы қара шаңырақ Абай атындағы ҚазҰОБТ маусымын ашып жатқанына қуанышты екенін айтты.

Дайындық кезңнде көңілім толқыды. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің дейді. Ұшқан ұям, қара шаңырақ, алғаш операға қадам басқан киелі орын, бірінші отбасым. Сондықтан бұл сахна маған өте ыстық. Аға буын әншілердің, композиторлар мен дирежерлардың көзін көрдім. Бұл театр - қасиетті, киелі орын. Бұл театрда рух бар, жан бар. Көрермендері де талғампаз. Жүрек деген толқып тұр, - деді Майра Мұхамедқызы маусымның ашылуы алдында.

Абай атындағы театр жаңа маусымды «Еңлік-Кебек» пен «Алдар көсемен» ашады
Майрп Мұхамедқызы. Фото автордан

Бұл жолы «Абай» операсының ең алғашқы, көне нұсқасы сахналанды.

Әкем театр деп Әуезовты айтса, ата театр деп Абай театрын айтамыз. «Астана операдан» келіп маусымның ашылуына қатысқаныма өте қуаныштымын. Қайда жүрсек те қара шаңырақтың беделін көтеріп жүруге тырысамыз, - деді «Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейір Байнеш.

Шымкент қалалық опера және балет театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Мұхамедқызы «Астана Опера» театрының жетекші солисі, азақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейр Байнеш 14 қыркүйекте танымал композитор Еркеш Шакеевтің  «Remember me» атты концерті, 16 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның мәдениет қайраткерлерінің концерті, 18 қыркүйекте танымал чехиялық баритон, «Алтын Еуропа» сыйлығының иегері Филип Банжак,  Майра Мұхамедқызы, Мейір Бейнеш, Ким Се Юн, Ким Хё Джин, Юу Санюннің және ҚазҰОБТ опера, симфониялық оркестр, хор, балет жетекші солистерінің қатысуымен Гала-концерт өтті.

22 қазанда Дж. Верддің «Травиата» операсы, 24 қазанда Дж. Пуччинидің «Мадам Баттерфлай» операсы, 25 қазанда бір актілі балет кеші («Кармен-сюита», «Шехерезада», 29 қазанда Ж. Бизенің «Марзан іздеушілер» операсы қойылады.

Өзгелердің жаңалығы