Абай-175: Семейде ақынның ерекше ескерткіші орнатылады

1 Мамыр 2020, 20:17
1722
Бөлісу:
Абай-175: Семейде ақынның ерекше ескерткіші орнатылады

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Семей қаласының орталық алаңы қайта жөндеуден өткен соң толықтай өзгеріске ұшырамақ.

Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметовтың Семей шаһарына жасаған жұмыс сапары барысында айтылды. Қазіргі уақытта қала Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде өкізуге қызу дайындық үстінде.

Бүгінгі таңда аталған алаңның ені тар. Стандартқа сай келмейді. Сол себепті оны мүмкіндігінше кеңейту қажет, - деді қала ішіндегі құрылысы қайта жүргізіліп жатқан нысандарды аралаған өңір басшысы Даниал Ахметов. 

Бұдан бөлек қаладағы Абай музейінің аумағы да бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Атап айтсақ, мұнда ақынның ұлдарымен бірге отырған тас мүсіні пайда болады. Облыс әкімі Абайдың бейнесін ақынға жақын болған адамдарымен бірге көрсету идеясының алғаш рет туындап отырғанын алға тартты. Осылайша, қайтадан абаттандырылатын музей аумағында Абайдың және әкелеріне ерекше ықыласпен қарап отырған балаларының ескерткіші орналасады.

Естеріңізде болса, бұған дейін ұлы ойшылдың 175 жылдық мерейтойын тойлаудағы шаралардың басым бөлігінің Семей қаласы мен ақынның туған жері Абай ауданында ұйымдастырылатыны айтылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы