Абай-175: Павлодарда ескерткіш орнатылады

5 Ақпан 2020, 18:15
1766
Бөлісу:
Абай-175: Павлодарда ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ақынның мүсіні М.Катаев атындағы оқушылар сарайының жанынан орын алады, деп хабарлады рavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов мәлім етті.
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер бойынша Мемлекеттік комиссия Абай Құнанбаевтың ескерткішінің эскизін бекітті. Авторы - Асқар Нартов. Абайдың ескерткіші орнатылатын жер облыстағы ардагерлер мен  суретшілердің қатысуымен таңдалған. Оқушылар сарайының алдында адамдар демалатын жайлы орындар бар. Мұндағы негізгі идея - оқушылардың санасына ақынның мұрасын сіңіру. Суретші соңғы эскиздерін бір айдың көлемінде ұсынады. Сол кезде биіктігі туралы және басқа да толық ақпарат беріледі, - деді Ернұр Дәуенов.
Басқарма басшысының айтуынша, қалалық әкімдіктің шешімімен 2020 жылдың бюджетіне Абай көшесін абаттандыру жұмыстары енгізілген. Арнайы бастамашыл топ құрылып, жеке меншік үйлердің сыртындағы орамдарды жөндеу бойынша келіссөздер жүргізетін болады. 
Ескерткіш Нұр-Сұлтан қаласында құйылады. Сәулетшімен келісімшарт жасалуда. Мүсін мен тұғырды құюға, көріктендіруге жабдықтаушы жауап береді. Бұл - Асқар Нартов орындаған Абайдың екінші мүсіні. Алғашқысы Қарағанды қаласына орнатылған, - дейді Ернұр Дәуенов.


Өзгелердің жаңалығы