Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы қазақ тарихи романдарының түп негізі. Белгілі философ Әбдірашит Бәкірұлы «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасында осындай пікір айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ Әдебиет порталына сілтеме жасап.
Жалпы «Абай жолы» белгілі бір деңгейдегі оқырманға арналған. Мәселен біз бас салып бірден Әл-Фарабидің философиясын мектептің бірінші сыныбынан бастап игермейміз. Оны игеру үшін белгілі бір білім баспалдақтарынан өту керекпіз. «Абай жолының» да оқырманы сондай өмір тәжірибесінен өткен оқырман болуы керек. Бұлай болмаған жағдайда адамның өй-өрісі мен талғамына кері әсер етуі әбден мүмкін. Сол үшін «Абай» жолын оқуға дейінгі баспалдақтарды жазушылар қолға алу керек. Мысалы, Аристотельді Әл-Фараби комментарилер арқылы танытты, - дейді Әбдірашит Бәкірұлы.
Жалпы көлемді романдар арқылы ұлт тарихын түгендеу бүгінгі жас ұрпаққа не береді? 100 кітапқа енген бұл романдардың оқырмандарға тағылымы қандай? «Ұлт оқитын 100 кітап» YouTube жобасында талданды.