Абаев отандық телеарнадан берілетін жаңа бағдарламаны таныстырды

10 Мамыр 2019, 15:27
2832
Бөлісу:
Абаев отандық телеарнадан берілетін жаңа бағдарламаны таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев отандық телеарнадан берілетін діни тақырыптағы жаңа бағдарламаны таныстырды.

"Бүгін «Хабар» арнасы «Религия сегодня» деп аталатын жаңа жобасының екінші шығарылымын көрермен назарына ұсынады. Діни мәселелер төңірегіндегі әртүрлі сұрақтарға арнайы шақырылған мамандар жауап іздеп көреді. Студияда заман мен сенім, дін мен ақиқат және қоғам көкейінде жүрген өзге де өзекті тақырыптар қозғалады" - деді ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуына қарағанда, бағдарламаның алғашқы шығарылымы ораза айына арналады.

"Бүгінгі шығарылым Қасиетті Рамазан айының рухани мағынасы жайында болмақ. Бағдарлама аптасына бір рет эфирге шығады. Сіздер де көріңіздер, пікірлеріңізді білдіріңіздер" - деді министр өз жазбасында.

Өзгелердің жаңалығы