Абақтыға есірткі кіргізбек болған азаматша ұсталды

21 Тамыз 2020, 21:32
1094
Бөлісу:
Абақтыға есірткі кіргізбек болған азаматша ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Тараздағы ЖД-158/1 мекемесінде орын алған, деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

1988 жылы туылған азаматша К есімді азаматша тергеу изоляторындағы күйеуіне азық-түлік арасына жасырылған есірткі өнімін беріп жібермекші болған. 

Мекеменің қабылдау бөлмесінде орын алған оқиға барысында азаматшаның әкелген сәлем-сауқатының арасынан түйіршіктелген қара және жапырақты жасыл шайдың арасында жасырылған ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Жүргізілген сот-химиялық сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 3,25 граммды құрайтын "Гашиш" есірткісі екендігі анықталды. Аталған факт Тараз қалалық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.



Өзгелердің жаңалығы