Ақтауда жаназаға жиналған жүздеген адамның видеосы тарады

3 Тамыз 2020, 16:05
6146
Бөлісу:
Ақтауда жаназаға жиналған жүздеген адамның видеосы тарады
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Ақтауда адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғанына қарамастан Маңғыстау полиция департаменті бұрынғы басшысының анасын жерлеуге жүзден астам жиналған. Бұл туралы Лада басылымы жазды.

Ақтауда Бибіжамал Әбілазимова өмірден өтті. Бұл жайында ҚР премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов тelegram-каналында хабарлады. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға жүзден астам жиналған. Желіде көп жиналған адамдардың видеосы тарады.

Ербол Еділовтың жазуынша, Бибіжамал Әбілазимова 79 жасында өмірден өткен. Ол Маңғыстау облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Мақсұтхан Әбілазимовтың және кәсіпкер Бахаридин Әбілазимовтың анасы. 

Коронавирусқа байланысты шектеулерге қарамастан бүгін 3 тамыз күні марқұммен қоштасуға жүздеген адам жиналған. 

Бұл жайт бойынша өңірдегі полиция департаменті ресми түсініктеме беретінін жеткізді. Айта кетсек, облыста адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынған, оның ішінде жерлеу рәсімдері де бар.





Өзгелердің жаңалығы