Ақтауда педофил ұсталды

30 Шілде 2020, 15:01
2807
Бөлісу:
Ақтауда педофил ұсталды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. 29 шілде күні полиция қызметкерлері педофил болуы мүмкін деген күдікпен ер адамды ұстады. Бұл туралы lada.kz хабарлады.

Полиция мәліметінше, ер адам сағат 13:00 шамасында № 20 ықшам ауданындағы үйлердің жанындағы балалар алаңынан қыз баланы ертіп әкетіп, келесі подъезге апарып қорламақ болған.

Полиция келгенге дейін күдіктіні сол маңдағы куәгерлер ұстаған.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 124-бабы 1-тармақшасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Куәгерлердің айтуынша, күдіктіні полиция келгенге дейін жергілікті тұрғын ұстаған.


Өзгелердің жаңалығы