Ақтау қаласын абаттандыруға 123 млн теңге бөлінді

21 Шілде 2020, 14:18
1395
Бөлісу:
Ақтау қаласын абаттандыруға 123 млн теңге бөлінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен онлайн-брифингте Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алпысбай Таубаев мәлім етті. 

Оның айтуынша, қала ішіндегі абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 123 млн 491 мың теңге бөлінді.
Қазіргі таңда, қала бойынша абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шағын аудандардың периметрлері бойынша жаяу жүргіншілер жолдарын қайта қалпына келтіру, орталық көшелердің тіреу қабырғаларын сырлау, 14-15 шағын аудандардағы кіші баннерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жағалаудағы орындықтар мен қоқыс жәшіктерін сырлау және күтіп ұстау, балалар ойын және спорт алаңдарын сырлау жұмыстары жүргізілуде. Қала аумағындағы ескерткіштерді жуу, шағын сәулет нысандарын қайта сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарын күтіп ұстау жұмыстары атқарылуда, - деді ол.
Бұдан бөлек, биыл жергілікті бюджеттен 9 балалар ойын алаңын қайта салуға 90 млн 90 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ, 6 спорт алаңы үшін 72 млн 962 мың теңге қаражат қарастырылы.  Бүгінгі таңда 9 жаңа балалар ойын алаңының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Спорт алаңдары бойынша құрылыс жұмыстары әлі де жалғасуда.
Биыл шағын аудандар бойынша ішкі ойылған жолдарды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 91 млн 400 мың теңге (19800 м2) қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде "Ондасын Строй" ЖШС жеңімпаз болып танылды. Қазір 1, 5, 9, 11, 13, 14, 15, 22, 28, 28А, 29 шағын аудандарда жұмыстар жүргізілуде. Бұдан бөлек, шағын аудан периметрлерінің жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 124 млн 787 мың теңге қаралған. Оған 3,4 және 8А шағын аудандарының жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды, - деді ол.

Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасы аясында 7 шағынаудан ішілік жаяу жүргінші және автокөлік жолдарына, балалар мен спорт алаңдарына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

  

Өзгелердің жаңалығы