Ақтөбенің Жеңіс аллеясы жаңартылды

7 Қазан 2019, 15:12
2989
Бөлісу:
Ақтөбенің Жеңіс аллеясы жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 500 метрлік скверді абаттандыруға мемлекеттік бюджеттен қаржы жұмсалған жоқ, деп хабарлады Aktobenews.kz.

Кеше, Тұрғын үй қалашығы ауданында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ақтөбеліктердің құрметіне жасалған Жеңіс сквері қолданысқа берілді. Мұғалжар ауданы кәсіпкерлерінің қаржысына жөндеуден өткен аллеяда ағаштар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.

«Қоршауды ауыстырып, жарықтандыру жүйелерін жаңарттық. Талдарды суару үшін құдықтар қазып, су сорғыштар орнаттық. Сонымен қатар отырғыштар мен қоқыс жәшіктерін ауыстырдық»,- деді «Ремгорстрой» ЖШС директоры Ринат Ещанов.

Салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева мұғалжарлықтарға алғысын білдіріп, қаланың мерейтойына орай тағы 10 аудан сыйлық жасайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы