Ақтөбеліктер 1 мамырдан бастап жеке көлікпен жүре алады

30 Сәуір 2020, 03:41
1386
Бөлісу:
Ақтөбеліктер 1 мамырдан бастап жеке көлікпен жүре алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеліктер 1 мамырдан бастап жеке көлікпен жүре алады. Бұл туралы облыстық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев карантин режимінің өзгерістеріне байланысты қала бойынша жүру ережелері туралы айтты.

Қ.Әлиевтің айтуынша, 1 мамырдан бастап сағат 6.00-ден 20.00-ге дейін қала бойынша автомобильмен жүруге рұқсат етілген.

1 мамырдан бастап таңертеңгі 6-дан кешкі 20.00-ге дейінгі аралықта жеке көлікпен, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге еркін жүруге рұқсат етіледі. Саяжайға барған ақтөбеліктер үйлеріне сағат 20.00-ге дейін оралуы керек, 20.00-ден кейін режимді бұзғандарға қатысты шаралар қолданылады. Үйлердің аулаларында серуендеуге, спорт ойнауға болады, бірақ бұл бұқаралық спорт емес. Барлық жерде санитарлық нормаларды сақтау керек, маскалармен жүру керек. Спортпен жеке айналысу керек, үш адамнан аспауы керек. Көшеде үш адамнан артық жиналуға болмайды. Тұрғындар қалаға белгілі бір себептермен ғана шығуы керек. Саябақтар мен қоғамдық жерлерде серуендеуге әлі де тыйым салынады , - деді Қ. Әлиев.


Өзгелердің жаңалығы