Ақтөбеде ағаш кескені үшін жауапқа тартылатын мекемелер аталды

7 Тамыз 2019, 21:13
1561
Бөлісу:
Ақтөбеде ағаш кескені үшін жауапқа тартылатын мекемелер аталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прокурорлар өзен арналарын кеңейту жұмыстарында өрескел заң бұзушылыққа жол берген үш мердігер компанияға қатысты қылмыстық іс қозғады. Жауапқа тартылғандар қатарында мемлекеттік мекемелер де бар. Бұл туралы aktobenews.kz сайтында хабарланды.

«Ақтөбе қаласындағы өзендерді тереңдету, тазалау жұмыстары барысында жол берілген экологиялық заңнамалардың бұзылуына байланысты сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары басталды. Оның ішінде мердігерлерге қатысты ҚР ҚК-нің 339-340-бабымен іс қозғалды. Қызыл кітапқа енгізілген ағаштарды кесу бойынша бес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Мемлекеттік орган қызметкерлеріне қатысты өз өкілеттілігін асыра пайдаланғаны және қызметтегі әрекетсіздігі үшін тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.Ақтөбе орман шаруашылығы мен облыстық орман және жануарлар дүниесі инспекциясына қатысты алдын ала тергеу жұмыстары жүруде», - дейді Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі Азамат Құстанов.

Қаладағы сегіз өзенннің арнасын кеңейту жұмыстары кезінде жіберілген заң бұзушылықтарға қатысты тергеу жұмыстары маусым айында басталған еді.

Өзгелердің жаңалығы