Ақтөбе облысында жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

6 Тамыз 2019, 01:41
1495
Бөлісу:
Ақтөбе облысында жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жүргізушілер арасында көлік қозғалысының тәртібін күшейту және жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік құралын басқаруын азайту және жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 29 шілде және 3 тамыз аралығында облыс аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.

Жоспарланған іс-шараның барысында облыс автожолында Жол қозғалысы ережесі бойынша 3,1 мыңнан астам құқықбұзушылық белгілі болды. Соның ішінде 63 жүргізуші мас күйінде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылған.Көлік құралын басқаруда жылдамдықты шамадан тыс асырудың 571 фактісі, қарсы бағытқа шығып құқық бұзудың – 22 фактісі белгілі болды.

Адамдардың жаяу жүргінші жолынан өтуіне жол бермегендігі үшін 83 жүргізуші әкімшілік тәртіпте жазаланды. Сондай-ақ, жаяу жүргінші жолында Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 506 әкімшілік жауапкершілікке тарту, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану бойынша 291 факті анықталды.


 

Өзгелердің жаңалығы