Ақтөбе облысында қару иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

25 Қараша 2019, 22:43
1700
Бөлісу:
Ақтөбе облысында қару иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыста тәртіп сақшылары әкімшілік және қылмыстық заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Учаске" алдын алу жедел шарасын өткізуде.

Қазірде 6780 азаматтық қару иесі тексеріліп, оның ішінде 208 қаруды сақтау мен алып жүру ережелерін дұрыс сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 9 оқ қару тәркіленді, оның 8 тегіс ұңғымалы және 1 қолдан жасаған қару заңсыз айналымнан алынды.
Негізінен кездесетіндері - дабыл қондырғыларының талапқа сай еместігі, сейфтегі артық заттар немесе қару сақтау ережелерінің орындалмауы және т.б.
Ақтөбелік полицейлер қызметтік қаруды сақтау, тіркеу және қолдану тәртібін бұзған 26 нысанды анықтады, - делінген ақпаратта.
Ақтөбе облысының аумағында қызметтік қару қолданатын 144 заңды тұлға тіркелген,оның 124 мемлекеттік емес күзет құрылымдары, 3 арнайы қару дүкені, 4 орман және аң әлемін қорғау мемлекеттік мекемелері мен 13 инкассация қызметі мен оқу орталықтары.

ҚР "Жекелеген қарулардың айналымын мемлекеттік қадағалау туралы" заңның 30-шы бабына сәйкес жоғарыда айтылған заңды тұлғалар Ақтөбе облысы полиция департаменті тарапынан үнемі бақыланады.

Жыл басынан бері тексеру нәтижесінде, 26 нысанда қызеттік қаруды қолдану, таысмалдау, тіркеу және сақтау тәртібінің бұзылғандығы байқалды. Заң талаптарын орындамаған мекемелердің бірінші жетекшілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


                                                                     

Өзгелердің жаңалығы