АҚШ әуежайына ұлы боксшы есімі берілді

19 Қаңтар 2019, 12:26
2495
Бөлісу:
АҚШ әуежайына ұлы боксшы есімі берілді

Астана, BAQ.KZ. АҚШ-тың Луисвил қаласындағы әуежайға әлемге танымал боксшы Мұхаммел Әли есімі берілді. Бұл туралы championat.com сайты жазды

Әуежай әкімшілігі Мұхаммед Әли атындағы халықаралық әуежай деп атау туралы шешім қабылданғанын жариялады.

«Мұхаммед Әли – жер бетіндегі ең танымал тұлғалардың бірі, оның гуманистік, атлеттік мұралары миллиардтаған адамға дем береді. Чемпионның туған қаласы ретінде Луисвилл әуежайына оның есімін беру өте маңызды қадам» деді қала мэрі Грэг Фишер.

«Мұхаммед әлемнің азаматы еді, алайда ол өзі туып-өскен және өмір жолын бастаған қаласын ұмытқан емес» дейді Мұхаммед Әлидің жұбайы Лонни Әли.

Мұхаммед Әли 1974 жылы ауыр салмақта Джордж Форманды жеңгеннен кейін чемпион болғанымен өзінің қайдан екенін мәлімдеп, Луисвилде спортты бастағанын атап өткен еді.

Ол 2016 жылы 3 маусым күні 74 жасында дүние салды. Мұхаммед Әли – әлемдік спорттағы ең танымал тұлғаның бірі. Ауыр салмақта 61 кездесу өткізіп, оның 56-ын жеңіспен (37-сі нокаут) аяқтаған.

Өзгелердің жаңалығы