АҚШ-тың Алабама штатындағы торнадодан 22 адам қайтыс болды

4 Наурыз 2019, 11:04
1852
Бөлісу:
АҚШ-тың Алабама штатындағы торнадодан 22 адам қайтыс болды

Астана. BAQ.KZ. АҚШ-та Алабама штатында торнадо салдарынан қаза тапқандар саны артып келеді, деп хабарлады РИА Новости NBC жергілікті телеарнасына сілтеме жасап.

Осыған дейін ақпарат көздері АҚШ-тың оңтүстігінде Алабама штатындағы күшті торнадо салдарынан 14 адам қаза тауып, 40 адам зардап шеккені туралы хабарлаған.

Ли Джей Джонс округінің шерифінің айтуынша, қаза болғандардың саны артуы мүмкін. Өйткені сағат сайын іс-түссіз жоғалғандар саны артып келеді. Бүгінгі мәлімет бойынша 22 адам қайтыс болған.

"Біз бүгінгі күні қолымыздан келгеннің барлығын жасадық. Бұл аймақ өте қауіпті.Торнадо аудандағы үйлер мен ғимараттарға қатты зақым келтірді", - деді  шериф Джонс телеарнаға берген сұхбатында.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алабама штатының губернаторы Кэй Айви барлық штатта төтенше жағдай жариялады.

Өзгелердің жаңалығы