АҚШ-та мектеп ауласынан бомба табылды

22 Қараша 2019, 02:29
2012
Бөлісу:
АҚШ-та мектеп ауласынан бомба табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Калифорния штатының Сан-Хосе қаласындағы мектеп тұрағында қолдан жасалған бомба табылды. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап Mercury News басылымы жазады.

Қолдан жасалған бомбаны бағбан ғимараттың әкімшілігіне апарған. Содан соң мектептегі адамдар сыртқа шығарылды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, мектеп бағбаны бомбаны мектеп әкімшілігіне өткізген және полицейлер оны залалсыздандырған.

Содан соң мектепке тінту жүргізілді. Қауіпті зат табылмады.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

 

Өзгелердің жаңалығы