АҚШ-та ежелгі орман іздері табылды

21 Желтоқсан 2019, 16:33
4535
Бөлісу:
АҚШ-та ежелгі орман іздері табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тасқа айналған қазба іздерінің жасы – шамамен 386 миллион жыл. Бұл – әлемдегі ең ескі қазбалардың қалдығы.

Американың Каир қаласында (Нью-Йорк штаты) карьерде қазба жұмыстарын жүргізіп жатқанда тасқа айналған ағаштардардың ізі табылды. Олардың жасы – шамамен 386 жыл. Бұл туралы New Scientist жазады.
 
Тасқа айналған заттарды 2008 жылы тапқан. Қазіргі уақытқа дейін орманның қалдықтарынан 3000 шаршы метр жер тексерілді.

Зерттеу барысында ғалымдар ағаштың 3 түрін тапты. Олардың бірі қазіргі қылқанды ағаштарға ұқсас – Archaeopteris. Оның тамырының ұзындығы 11 метрге дейін жетеді.
Өзгелердің жаңалығы