АҚШ-та Қарттар күнін тойлау кезінде қаскөйлер адамдарға оқ жаудырды

29 Шілде 2019, 08:38
1897
Бөлісу:
АҚШ-та Қарттар күнін тойлау кезінде қаскөйлер адамдарға оқ жаудырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нью-Йоркте Қарттар күнін тойлау кезінде белгісіз біреулер жиналғандарға оқ жаудырып, 1 адам қаза тапты, деп хабарлады 24.kz.

12 тұрғын жарақат алды. Жапа шеккендердің көбінің халі мүшкіл. Ал алдын ала тергеуге қарағанда ауқымды шараға қатысушыларға шабуылды 2 адам жасаған. Және оқиға кезінде 100-ге жуық полицей осы маңда күшейтілген режимде жұмыс істеп жүрген. Соған қарамастан қаскөйлер тәртіп сақшыларының қолына түспей қашып кеткен. Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.


Өзгелердің жаңалығы