АҚШ еуропалықтарға кіруге тыйым салмақ

12 Наурыз 2020, 10:56
1405
Бөлісу:
АҚШ еуропалықтарға кіруге тыйым салмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13 наурыздан бастап Еуропадан келгендер АҚШ-қа кіре алмайды. Бұл тыйым 30 күнге дейін жалғасады. 

Коронавирус жұқтырғандардың елге кіріп кетпеуі үшін АҚШ-қа Еуропадан келгендерге 30 күн бойы тыйым салынбақ. Жаңа ереже жұма күні түн жарымда күшіне енеді, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Бірақ бұл тыйым Ұлыбританияға әсер етпейді. Сондай-ақ, "тиісті тексерістен" өткен америкалықтар да елге кіре алады. 

Мұндай тыйым шаралары ірі сауда тауарлары мен жүктерге ықпал етпейді, - деп қосты Трамп.

Өзгелердің жаңалығы